Меню

Балабақшадағы бейнекамералары

Версия статьи на русском языке

Дауыс беру нәтижелері бойынша бала-бақшадағы бейнекамералар тақырыбы жеңді. Сондықтан бұл туралы пост дайындадым.

❤️ аямаңыздар

Бала-бақшалардың жұмысы бізде білім беру ұйымдардың қызметінің типтік ережелерімен реттеледі.

Бұл ережелер бойынша бала-бақша топтарында бейнебақылау камералары орнатылады. Бұл ережелер бала-бақшалардың барлық типтерінің жұмысын реттейді, яғни мемлекеттік, жеке, арнайы және т.б.  Бұл дегеніміз, камералар барлық бала-бақшалардың топтарында орнатылуы тиіс.

Егер сіздің бала-бақшаңызда камералар жоқ болса – меңгерушіге жолығыңыз да, камера қоюын сұраңыз. Егер қоймаса, жазбаша жүгініңіз. Егер ештеңе де жасалмаса – білім беру басқармасына, прокуратураға шағым беріңіз.

Қазіргі таңда көптеген бала-бақшаларда камералар бар, ресми тұлғалардың айтуынша – 2020 жылға дейін камераларды барлық бала-бақшаларда орнатады.

Өкінішке орай, заңмен видео ата-аналардың онлайн көруіне қолжетімді болу керек екені қарастырылмаған, бірақ бұны жасауға жоспарлап отырғандай болды, бұл туралы өздерінің берген сұхпаттарында білім беру министрлігінің өкілдері айтқан, енді соған үмітенемін.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *