Меню

15000 теңге коммуналдық қызметке

Версия статьи на русском языке

Көбісі бұл тақырып туралы жазған, бірақ менің ғана посттарымды қарайтын адамдар бар. Сондықтан осында айтып берейін

Коммуналдық қызметтерге өтемақы ай сайын карантин енгізілген аймақтарда беріледі.

Оны тек белгілі санаттар ғана ала алады:

  • 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар
  • көпбалалы отбасылар
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары
  • АӘК алушылар
  • жалғызбасты зейнеткерлер мен ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер (40 441 теңге).

Өтемақы алу үшін әкімдіктің байланыс орталықтарына хабарласу керек: Алматыда 341-05-27

Сіздің өтінішіңіз түскен сәттен бастап 5 күннен кешіктірмей ақша сіздің жеке (коммуналдық) шотыңызға аударылады.

Егер сіздің атыңызда жеке шотыңыз болмаса, өтемақы берілмейді, яғни егер сіз үйді жалға алсаңыз, онда сіздің жеке шотыңыз жоқ, сондықтан сіз өтемақы алуға құқығыңыз жоқ.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *