Меню

2020 жылдағы Қазақтандағы жардемақылар осуі

Версия статьи на русском языке

13 қарашада Мәжіліс кейбір жеңілдіктер мен олардың мөлшерін есептеу механизмін өзгертетін «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасын қабылдады:

• мүгедектік бойынша;

• асыраушысынан айрылу;

• жұмысынан айрылу бойынша.

Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін жәрдемақы

Мүгедектік тобына қосымша, еңбек ету қабiлетiнің деңгейі белгіленеді, бұл сәйкесінше төлемді арттырады.

Мүгедектік бойынша жәрдемақы да көбейтіліп, келесі мөлшерде болады:

1.16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға — 43 657 теңге

2. Бала кезінен мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар:

  • 1 топ — 59 872 теңге
  • 2 топ — 49 581 теңге
  • 3 топ — 37 420 теңге

3. Қызметтік міндеттері бойынша мүгедек болған әскери және полиция қызметкерлері:

  • 1 топ — 107 270 теңге
  • 2 топ — 82 635 теңге
  • 3 топ — 62 678 теңге

4. Жалпы аурумен ауыратын мүгедектер, әскери қызметкерлер және жазатайым оқиғаларда мүгедек болған полиция қызметкерлері:

  • 1 топ — 59 872 теңге
  • 2 топ — 47 710 теңге
  • 3-топ — 32 431 теңге

Яғни, мысалы, егер сіз мүгедектік бойынша жәрдемақы 45 458 + 22 988 теңге = 68 466 теңге алсаңыз, онда жаңа 2020 жылдан бастап сіз 47 710 + 31,080 теңге = 78 710 теңге аласыз.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы

Заң жобасында асыраудағы адамдардың ағымдағы коэффициенттерінің артуы қарастырылған.

2020 жылдан бастап асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы келесі мөлшерде болады:

Асырауында

  • 1 адам болса — 26 817 теңге
  • 2 — 46 463 теңге
  • 3 — 57 689 теңге
  • 4 — 61 119 теңге
  • 5 — 63 302 тенге
  • 6 және одан жоғары — 65 797 теңге

Жұмысынан айрылу бойынша жәрдемақы

Мұнда жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер үшін кірістерді ауыстыру коэффициенті 0,3-тен 0,4-ке дейін жоғарылатылды. Тиісінше, жәрдемақы мөлшері де артады.

Сонымен қатар, өмір сүру құнының өсуіне байланысты — басқа да жәрдемақылар көбейеді. Бұл туралы хабарлама керек пе? Ондай болса түсініктемелерде жазыңыздар.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *