Бұл төлемді көптеген адамдар алды, ал кейбіреулеріңіз оны заңсыз алып отырсыздар. Заңсыз деген не?
сіз төлем алдыңыз, бірақ сіз ақысыз демалысқа шықпағансыз, яғни сіз жұмыс істейсіз немесе ақылы демалысқа шыққансыз
сіз төлемді алдыңыз, ал жеке кәсіпкерлігініз өз жұмысын жалғастырады және сіз одан ақша табасыз (шот немесе касса арқылы)
сіз төлем алдыңыз, бірақ сіздің жеке кәсібіңіз баяғыдан тоқтатылған, яғни іс жүзінде сіз апат салдарынан кірісті жоғалтқан жоқсыз
сіз төтенше жағдай кезінде ЕСП төледіңіз бірақ сіз жәрдемақылар / төлемдер немесе зейнетақы аласыз
сіз 2 жерде жұмыс істедіңіз, бір жұмыста сізді ақысыз демалысқа жіберді, ал екінші орында жұмысыңызды жалғастырып жүрсіз
сіз үйден жұмыс жасап жүрсіз және сізге жалақыны немесе жалақының бір бөлігін төленіп жүр.
Егер сіз осы шарттардың біреуіне бағынсаңыз, бірақ төлемге тапсырып, оны алсаңыз, қандай жауапкершілік күтеді?
Олар алаяқтықпен және қылмыстық кодекстің баптарымен қорқытады. Бір қарағанда, оны байланыстыруға болады, бірақ іс жүзінде — кейбір нюанстар бар, ал мен қылмыстық заңмен айналаспаймын. Сондықтан мен белгілі қылмыстық заңгергмен хабарластым. Түсіндірмелер беруге уәде берді, мен оларды осы жерде жазамын — күте тұрыңыз!