Меню

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) берілетін кезде есепке алынатын кіріс

Версия статьи на русском языке

Жиі қойылатын сұрақтар – АӘК берілетін кезде ескерілетін кірістер. Пост менен, лайк сізден)

АӘК үшін келесі кірістер ескеріледі:

1. Еңбекақы, оның ішінде сыйақы, үстемақы, қосымша ақылар мен өтемақылар және т.б. (Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға ниетті тұлғаның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу ережелерінің 16-тармағының 1-тармақшасы).

Егер сіз бірнеше айдың еңбекақысын немесе басқа төлемдерді жұмыс берушіден бәрін бір дегенде алсаңыз, онда бұл кірісті сол бірнеше айға бөлу қажет.

2. Әлеуметтік төлемдер:

  • зейнетақылардың барлық түрлері;
  • әлеуметтік мүгедектік жәрдемақылары (балаларға берілетін 18 жасқа дейінгі мүгедектік жәрдемақыларынан басқа);
  • асыраушысынан айырылуына, жұмысын жоғалтуына байланысты, еңбекке қабілеттілігін жоғалту, өте зиянды немесе өте ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін немесе зиянды және ауыр еңбек жағдайларындағы жұмыстарда істейтін тұлғаларға;
  • баланы бір жасқа дейін күту үшін берілетін жәрдемақылар, қамқоршыларға берілетін жәрдемақы, мүгедек баланы күткені үшін берілетін жәрдемақы;
  • жолақыға көмек;

заттай берілетін көмек түрлерінің құны Ережелердің 16-тармағының 2-тармақшасы).

3. Кәсіпкерліктен түсетін кірістер. Егер сізде ЖК болса сатқан өніміңізден (жұмыс, қызметтер) және еңбекақыңыздан кірісіңізді есептейді. Егер ЖК арнайы режимі болса (патент, жеңілдетілген) кірісті растау үшін бір реттік талон, патент, декларация тапсыру қажет (Ережелердің 24-тармағы).

ЖК кірісін өткізген өнімнен (жұмыс, қызмет) және еңбекақыдан есептейді.

4. Алименттер. Егер сіз алимент алатын болсаңыз – ол кіріске қосылады, егер алимент төлесеңіз алимент сомасы отбасының кірісінен шегеріледі (Ережелердің 25-тармағы).

Алатын алименттер жұбайының жұмыс берушісінің анықтамасымен, пошталық түбіртектермен немесе сот актісімен расталады. Егер 3 айдан артық уақыт алимент төленбеген болса сот орындаушысының берешек бойынша қаулысын ұсыну қажет (Ережелердің 28-тармағы).

Егер сіздің жұбайыңыз іздеуде болса және алимет төлемесе сіз бұл туралы өтініш жазып, іздеуде екені туралы анықтама беруіңіз қажет (Ережелердің 26-тармағы).

Осымен қатар келесі кірірстер де саналады:

5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден және сатудан түсетiн табыс;

6) бағалы қағаздардан түсетiн табыс;

7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған табыс;

8) кредитті (шағын кредитті) пайдаланудан түсетiн табыс;

9) өтеусіз алынған ақша түріндегі табыс;

10) ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақылар (мүдде) түріндегі табыс;

11) ақшалай аударымдар түріндегі табыс;

12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша алынған ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi табыс.

Келесі жағдайларда алимент кіріске жатқызылмайды:

  • төлеуші ресми түрде жұмыссыз болса;
  • бас бостандығынан айыру мекемелерінде болса;
  • туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық, санитарлық-курорттық диспансерлерде есепте тұрса;
  • алимент өндірілмейтін елге тұрғылықты тұруға кетсе;
  • спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарын шектен тыс тұтынуына байланысты төлемнен жалтарса.

5. Жеке шаруашылық жүргізуден түскен кірістер.

АӘК алу үшін кіріске қосылмайды:

АӘК; Тұрғын үй көмегі; жерлеуге берілген бір реттік жәрдемақы; балаларға мүгедектігіне байланысты берілетін жәрдемақылар; көп балалы аналар мен көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар; шәкіртақы, ТЖ кезіндегі көмек; бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы; мектептердегі көмек; мұқтаждарға берілетін бір реттік көмек; қайырымдылық көмек; тегін дәрі-дәрмекке берілетін заттай көмек түрлері, мектептегі тамақтану, санитарлық-курорттық ем, бала асырап алуға байланысты берілетін бір реттік ақшалай төлемдер.

Мақаланың толық нұсқасы, заңнамалық актілерге сілтемесімен бірге www.yurblog.kz сайтында.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *