1 қантардаң бастап АӘК төлеудің жаңа ережелері енгізілді, сонымен қатар участкеллік комиссия мұқтаждығын айқындау туралы шешімге өлшемшарттары бекітілді
АӘК мұқтаждығының өлшемшарттары
кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа кіріс;
АӘК-ге ұсыну үшін қажетті барлық ақпарат пен құжаттардың болуы;
өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша учаскелік комиссияның АӘК ұсыну қажеттілігі туралы қорытындының болуы
Комиссия келесі өлшемдерге сәйкес АӘК беруге қажеттіліктің жоқтығы туралы шешім қабылдай алады
Сіздің немесе сіздің отбасыңыздың мүшелерінің соңғы 3 жылдағы қосымша тұрғын үйі болса. Негізгі тұрғын үймен бірге қосымша тұрғын үйдің бір отбасы мүшесіне 18 шаршы метрден аз болса, ол есептелмейді.
Егер сізде немесе сіздің отбасыңыздың мүшелерінде тұрақты тұрудан басқа табыс алу үшін мақсаттарда қолданылатын меншігінде, иелігінде және (немесе) қолданысында жеке жайдың болуы (дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және т.б.).
Егер сізде немесе сіздің отбасыңыздың мүшелерінде жеке меншік тұрғын үйінің бар болуы кезінде сатып алған жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншікте жер телімінің бар болса, ол АӘК-ке өтініш бергенге дейін соңғы 12 ай ішінде алынған болса. Жергілікті атқарушы органдармен жеке меншікке жер телімін ақысыз түрде беру жағдайын қоспағанда.
Егер сізде немесе сіздің отбасыңыздың мүшелерінде жеке меншігінде және (немесе) уақытша иелігінде, қолданысында біреуден астам жеңіл автокөлігі бар бол. Көпбалалы отбасыларды және мүгедек балалар, бірінші және екінші топ мүгедектері бар отбасыларды қоспағанда.
Егер сізде немесе сіздің отбасыңыздың мүшелерінде жеке меншігінде және (немесе) уақытша иелігінде, қолданысында техникалық жарамды жағдайда ауыл шаруашылық техникасы немесе көлігі (автобус, микроавтобус, жүк автокөлігі, троллейбустың, арнайы бейімделген көліктері) бар болса
Әр аймақ үшін учаскелік комиссиялар отбасының АӘК-ке қажеттілігін анықтайтын қосымша критерийлер болуы мүмкін