Версия статьи на русском языке
Тағы да АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) жайлы. Қазіргі таңда қандай да бір қосымша табыстың (сыйлықақы, мемлекеттен көмек және т. б.) болуы себепті төлемақыларды тоқтатуда немесе белгіленген АӘК-ты қайтаруды талап етуде.
Бұл заңды ма?
Табыс деп еңбек ақысының барлық түрі саналады: бұл ақшалай қаржы түріндегі исыйлықақы, үстеме ақылар, жәрдемақылар, сонымен қатар ақшалай ынталандыру және өтемақы төлемдері.
Егер сіз жұмысыңызға өтем ретінде қосымша ақы алсаңыз және кірісіңіз тоқсандағы АӘК алу шекті мөлшерінен асса, төлемді тоқтату – заңды.
Егер сіз АӘК тағайындау кезінде ешқандай кіріс көрсетпеген болсаңыз, онда сіз АӘК-ны заңсыз алған болып саналасыз, сөйтіп тұлғаға (отбасыға) атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтайды.
Егер сізден осы табысты жасырғаныңызға байланысты төленген АӘК-ты қайтаруға мәжбүрлесе, ал іс жүзінде бұл сыйлықақы бір-ақ рет берілетін болса және сіз оның берілетінін білмесеңіз, бұны дәлелдеп шығуыңыз керек: Әкімдікке жалақыңыз көрсетілген (сыйлықақысыз) еңбек шартын, оның негізінде сыйлықақы төленген компанияның бұйрығын, барлық растайтын құжаттар қоса беріп, түсіндірме хат жазыңыз.
Егер бұл өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне Әкімдіктің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсететін бір жолғы ақшалай көмегі болса, АӘК тағайындау кезінде табыстың мұндай түрі саналмайды. Яғни қандай да бір көмектің ненің негізінде ұсынылғанына қарау керек. Егер бұл көмек «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына сәйкес болса, онда бұл көмек табыс ретінде есептелмеуі тиіс.
АӘК жайлы жиі қойылатын сұрақтардың бірі – «Ақшаның қайда жұмсалғаны туралы есеп беру керек пе?». Қазіргі таңда мұндай талап тек бір жолғы шартты АӘК-ке қатысты белгіленген, яғни сіз белгілі бір мақсатқа белгілі бір соманы (мал, құс және т.б. сатып алу) беретін әлеуметтік келісімшарт жасасаңыз. Ай сайын алатын АӘК қатысында мұндай талаптар жоқ.