Меню

Атаулы әлеуметтік көмек. Тоқтату және қайтару

Версия статьи на русском языке

Сіз қазір АӘК-тің қайтарылуында барын білесіз. Сондықтан, бүгін мен сіздерге олардың тоқтап, бұрын төленген АӘК –ны қалай және не үшін қайтаруды талап ететінін айтқым келеді.

Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмек төлеу мына жағдайда тоқтатылады:

  • егер сіз жалған ақпарат берген болсаңыз және АӘКні алған болсаңыз. Бұл мысалы көбінесіне табысты жасыру. Егер бұл анықталған болса, онда барлық төленген АӘК артық төленген немесе негізсіз төленген болып саналады, бұл оларды қайтаруға негіз болады📌
  • келісімшарт бұзылған жағдайда (жұмысқа қабылдаудан бас тарту, жұмыстан босату, біржолғы төлемді дұрыс пайдаланбау және т.б.) — АӘК-ны еңбекке қабілетті отбасы мүшесіне 50% төмендетіледі, содан кейін оған төлемд тоқтатылады. Әлеуметтік келісім-шарт адам (отбасы) онын талаптарын және жеке іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ дұрыс емес ақпарат ұсынып ақшалай көмектің заңсыз алынғанда жағдайда бұзылады. Әлеуметтік келісімшарттың бұзулуы ақшалай көмек төлемін тоқтату үшін негіз болып табылады
  • Егер сіз келісімшартта көрсетілген бір реттік АӘКні басқа мақсаттарға жұмсамасаңыз, сол артығымен төленген немесе негізсіз төленген сомалар өтеуіңіз керек

Артығымен төленген немесе негізсіз төленген сомалар туралы фактілер белгіленген күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган сізге әлеуметтік көмекті ерікті түрде қайтару туралы жазбаша хабарлама жібереді. Хабарлама жіберілген күннен бастап атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады

Атаулы әлеуметтік көмек алушы артығымен төленген немесе негізсіз төленген соманы ерікті түрде толық көлемде хабарлама жіберілген күннен бастап бір айлық мерзімде қайтармаса, уәкілетті орган артығымен төленген немесе оған негізсіз төленген соманы қайтару бойынша сот тәртібімен шаралар қабылдайды⚖️


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *