Версия статьи на русском языке
3 қыркүйекте АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) тағайындау ережелеріне өзгертулер енгізілді (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамыодағы №320 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережелерін бекіту туралы» бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы №459 бұйрығы).
Лайк туралы ұмытпаңыздар
Нақты қандай өзгертулер:
1. Егер сізде тұрақты тіркеу болмаса уақытша тіркеумен АӘК-ке өтініш бере аласыз. Уақытша тіркеу кемі соңғы 6 айда болуы керек. Ал егер сіздің басыңызға өмірлік қиын жағдай туса немесе төтенше жағдай туындаса (абақтыдан босау, үй-күйсіз қалу), сол себепті уақытша тіркелуге мүмкіндігіңіз болмаса – Жұмыспен қамту орталықтары немесе әкім тіркеуге көмектесуі тиіс.
2. АӘК беруден бас тартады:
Жәрдемақы алу үшін жалған ақпарат бергендерге (мысал үшін өздерінің кірістері туралы)
Еңбекке қабілетті бола тұрып, жұмысқа орналасудан бас тартқандарға. Бұл арада келесі негіз бойынша жәрдемақыдан бас тарта алмайды: 18 жасқа дейінгі балаларға, 7 жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, 1 немесе 2 топ мүгедегіне, күтімді қажет ететін қарияларға немесе науқастарға қарап отырған ата-анаға.
3. Егер сізде АӘК алуға ықпал ететін қандай да бір өзгерістер болса Орталыққа немесе әкімге хабар беруіңіз керек. Мысал үшін, қандай да бір кіріс пайда болса және ол көрсетілген шектен асса. Егер сіз бұны жасамасаңыз АӘК бас тартып, сізді осы уақытқа дейін алған ақшаны қайтаруға міндеттейді.
4. Егер сізге шартты АӘК тағайындаса (сізбен келісімшарт жасағанда) сіз бұл ақшаны сізге не үшін берді сол мақсатқа ғана жұмсауыңыз керек. Мысал үшін мал алуға және т.б.
5. Енді АӘК қашан төленетіні ережелерде анық бекітілді, әр айдың 10-ына қарай төленеді.
Бұл өзгерістердің бәрі 2019 жылдың 13 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
PS. АӘК күші жойылғаны туралы көп хат келеді. Қазіргі уақытта АӘК күшін жоюға ешқандай негіз жоқ. Бұл әлеуметтік әлсіз топтарға арналған негізгі әлеуметтік көмек. Ал өзгертулер енгізіліп отыр және енгізіле береді.