Меню

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) комиссиясы нені тексереді?

Версия статьи на русском языке

Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) өтінім беру кезінде отбасыларды тексеретін комиссия туралы «аңыз» болып кеткен әңгімелерді жиі естимін. Осы әңгімелердің қайсысы ойдан құралған, қайсысы шын мәнінде солай екенін талқылап көрейік.

Комиссияның негізгі қызметі – АӘК алуға өтінім білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру және осы тексерудің қорытындысы бойынша шешім шығару.

Комиссия сіздің қатысуыңызбен немесе отбасының кәмелетке толған мүшесімен жай-күйіңізді тексеруі тиіс.

Тексеру жеке өмірге құрметпен және қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттерсіз жүргізілуі тиіс.

Тексеру барысында Комиссия өтінім берушінің әлеуметтік көмек алуға не себеп болғанын анықтайды. Бұл жағдайда төмендегілерге назар аударылады:

  • отбасы құрамы мен санына;
  • жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің санына;
  • еңбекке қабілетті жастағы жұмыс істемейтін отбасы мүшелерінің санына және олардың жұмыспен қамтылмау себептеріне;
  • отбасында балаларды, мүгедектерді, қарт адамдарды, ауруларды күтумен айналысатын еңбекке қабілетті жастағы адамдардың болуына;
  • отбасында кәмелетке толмаған балалардың және күтімге мұқтаж адамдардың (мүгедектер, қарттар, науқастар) болуына;
  • адамның (отбасының) нақты табыс деңгейіне, оның ішінде үй жанындағы учаскеден, бақшадан, саяжайдан және т. б. алынған табыстар;
  • атаулы әлеуметтік көмек және/немесе балаларға жәрдемақы алу құқығына әсер ететін басқа да жағдайларға.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Комиссия акт жасайды (учаскелік комиссиялар туралы Үлгі ереженің 14-тармағы).

Актіде (Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесіне қосымша) көрсетіледі:

• Сіздің жұмыс орныңыз, лауазымыңыз

•  Отбасы құрамы (сізбен бірге тұратын барлық адамдар), білімі, жұмыспен қамтылуы, жұмыс істемеу себептері

•  Балалар саны (18 жасқа дейін, білім алушылар, оқу құны)

•  Тұру шарттары (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе басқа)

•  Асүй, қойма және дәлізсіз бөлмелер саны

•  Айына тұрғын үйді ұстау шығындары

•  Отбасы табысы

•  Автокөліктің (маркасы, шыққан жылы және т. б.) және басқа тұрғын үйдің болуы

•  Мұқтаждық немесе әл-ауқаттың көрінетін белгілері

•  Тұрудың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы

•  Учаскелік комиссияның басқа да бақылаулары

Бұдан әрі актінің негізінде Комиссия отырысы өткізіледі, онда АӘК тағайындау туралы шешім қабылданады және сіз оған қатысуға құқылысыз (Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ереженің 12, 13-тармақтары).

Комиссия шешімі қорытынды түрінде рәсімделеді, сізді онымен қол қойғызып таныстыруға тиіс (Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ереженің 17-тармағы).

Өтінім беруші Комиссияның қорытындысына әкімдікке, сондай-ақ сот тәртібімен шағым бере алады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *