Версия статьи на русском языке
Қазір көп адам ауыр кезеңді өткеріп жатқанын оқыдым. Менде де солай, кезек-кезек ауырғандықтан пост салуға қол тимей кетті.
Бүгін уақыт тауып, мемлекеттен белгілі бір санаттағы топтарға берілетін әлеуметтік көмек туралы жазғым келіп отыр.
Бұл көмек әр өңірде өз ережелері, өз санаттары бойынша және әртүрлі мөлшерде беріледі. Яғни аймақтар арасында айырмашылық бар. Бірақ әр өңір басшылыққа ала отырып, өз ережелерін әзірлеген типтік ереже бар. Әр өңір бойынша жеке-жеке жазу мүмкін болмағандықтан мен осы типтік ережелер туралы жазамын. Ал сіздер өз органдарыңыздан анығын біліңіздер.
Әлеуметтік көмек бір рет немесе тұрақты (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет) беріледі.
Мұндай көмек мерекелер мен арнайы даталарда көрсетілуі мүмкін.
Мұндай бір реттік көмек көрсетілетіндердің тізімін Әкімдіктер жасайды.
Тізімге енгізуі үшін сіз:
Сізге өтінішпен бірге келесі құжаттарды өткізу қажет:
Әрі қарай сіздің материалдық жағдайыңызды комиссия тексеріп, көмек сомасын анықтайды.
Бұл құжаттардың барлығын сіздің өңірдегі Еңбекпен қамту басқармасына өткізіп, мөлшерін және т.б. біле аласыз