Версия статьи на русском языке
Өтініш, алдымен маған ❤️ басыңызшы.
Өкінішке орай, бәріне бірдей ата-ана болу жазбаған. Алайда бұл орындалмайтын арман емес.
Бүгін бала асырап алу тәртібі туралы айтып бермекшімін, себебі бұл тақырыптың кей адамдарға көмектесіп, не нәрсеге дайындалу керектігін үйретерін білемін.
Баланы барлығы дерлік асырап ала алмайды. Мысалы, бала асырап алушылар бола алмайды:
Бала асырап алушы мен бала арасындағы жас айырмашылығы 16 жастан кем болмауы және 45 жастан аспауы тиіс.
Баланы асырап алу үшін бойынша кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа, ал егер ондай жоқ болса, онда аудандық (қалалық) сотқа жүгіну қажет.
Алайда бұдан бұрын қорғаншы және қамқоршы органға бала асырап алғысы келетін, құжаттар тізімін тапсырған тұлға ретінде есепке тұруы немесе ЭЦҚ арқылы республикалық деректер банкінде өзі тіркелуі қажет.
Содан кейін арнайы комиссия 10 күн ішінде тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексереді. Мақұлданған жағдайда – Сіз асырап алуға болатын балалар туралы деректер бар Деректер банкіне кіруге мүмкіндік аласыз. Баланы таңдағаннан кейін міндетті түрде онымен жеке танысу, 2 апта бойы қарым-қатынас жасау, баланың барлық құжаттарымен танысу керек.
Келесі постта қамқоршылық органдарына және сотқа қандай құжаттар тапсыру керектігі жайлы айтып беремін.