Меню

Бала асырап алу тәртібі. Бірінші кезең

Версия статьи на русском языке

Сонымен, бала асырап алу тақырыбын жалғастырайық. Сіздің лайк – сіздің рахметіңіз!

Бұған дейін жазғанымдай, ең алдыменқамқоршылық органдарында немесе www. rbd-kopd.kz веб-порталына мәліметтерді енгізу арқылы Республикалық деректер банкі арқылы тіркелу керек. Ол үшін келесі құжаттарды өткізу қажет (Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру ережелерінің 9-тармағы):

  1. баланы ерікті түрде асырап алу ниеті туралы өтінім (үлгісін www.yurblog.kz сайтына саламын);
  2. тұрғын үй – тұрмыстық тұру жағдайларына тексеріс жүргізу туралы өтінім (қамқоршылық органында үлгісін береді);
  3. жеке куәліктің көшірмесі;
  4. күйеуінің (әйелінің) жазбаша келісімі;
  5. көршілерінің немесе жұмыстағы әріптестерінің ұсыныс хаттары (кемі үшеу);
  6. жалақысы және басқа кірістері туралы анықтама (егер басқа кірісі болса);
  7. неке немесе некені бұзу туралы куәлік;
  8. денсаулық жағдайы туралы анықтама, медициналық тексерістен өту үшін жолдаманы қамқоршылық органынан алуға болады (оның ішінде псих-, нарко-, тері-венерологиялық диспансерлердің анықтамасы, ЖИТС орталығының анықтамасы);
  9. соттылығы жоқ екені туралы анықтама;
  10. баспанаға меншік құқығын растайтын құжат.

Құжаттарды қарағаннан кейін қамқоршылық органы сіздің тұрғын үй – тұрмыстық жағдайларыңызды тексеріп, сізге оң шешім шығарып, балалар үйіне жолдама береді (Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру ережелерінің 9-тармағы). Баланы таңдағаннан кейін қамқоршылық органы сотқа асырап алу туралы қорытынды дайындайды.

Тағы нені білу керек:

Келесі постта сотқа жинайтын құжаттар туралы толығырақ жазамын.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *