Бала асырап алудың 2-кезеңі – сот туралы айтайын. Сіз қамқоршылық органындағы процедурадан өткеннен кейін баланың тұрғылықты мекенжайы (орналасқан жері) бойынша кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі сотқа өтінім беруіңіз керек. Егер ол жерде мұндай сот болмаса жалпы юрисдикцияның (азаматтық істер жөніндегі) аудандық (қалалық) сотына беруге болады.
Өтінім міндетті түрде қамтуы тиіс белгілі бір талаптар бар:
Асырап алушылардың Т.А.Ә., олардың тұрғылықты мекенжайы;
Баланың Т.А.Ә., оның тұрғылықты мекенжайы, баланың ата-анасы, аға-іні, әпке-сіңілілері туралы ақпарат;
Сіздің баланы асырап алу ниетіңізге негіздеме;
Баланың Т.А.Ә., оның туу туралы деректерін, ата-анасы және т.б. өзгерту туралы өтініш (егер сіз өзгерткіңіз келсе).
Бұл өтінішке келесі құжаттарды қоса беру қажет:
Неке туралы куәліктің көшірмесі (егер некеде болсаңыз);
егер ажыраспаған болсаңыздар күйеуіңіздің (әйеліңіздің) бала асырап алуға келісімі. Егер сіздер бір жылдан артық бірге тұрмасаңыздар және күйеуіңіздің қайда екенін білмесеңіздер бұған дәлелді қоса беру қажет (куәгерлердің түсініктері, іздеу туралы анықтама және т.б.);
егер сіздер бірге асырап алатын болсаңыздар өзіңіздің және күйеуіңіздің денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;
кірістер туралы анықтама (жалақы туралы анықтама және т.б.);
тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын немесе тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжат;
мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек (0,5 АЕК).
Қамқоршылық органы асырап алушылармен бірге бала асырап алу жөніндегі сот істеріне міндетті түрде қатысады.
Ата-анасы бар баланы асырап алу үшін ата-анасының келісімі керек. Бұл келісімді келесі тұлғалардың бірі куәландырылуы тиіс: ⠀
Нотариус арқылы
Балалар үйінің директоры (егер бала ата-ана қамқорлығынсыз қалған болса)
Қамқорлық және қорғаншылық органы
Сотта айтылды
Соттың шешіміне дейін ата-ана өз келісімін кері қайтарып ала алады. Жалгасы