Версия статьи на русском языке
Бұл ең жиі келіп түсетін сұрақ. Сондықтан❤️ қойып, өзімізге сақтаймыз.
Егер сіз балабақшаға жиналып жатсаңыз, әдетте барлық егулерді талап етеді. Ал бұларды жасағысы келмегендер не істемек, заң балабақша немесе мектеп үшін өз шешімін өзгертуге негіздер бере ме?
Заң егулерді алуға ҚҰҚЫҚ береді, бірақ міндеттемейді, ал егу үшін шарт болып егуге КЕЛІСІМ немесе одан БАС ТАРТУ табылады! (ҚР “Халық денсаулығы туралы” Кодексінің 156 бабын қараңыз).
Сонымен қатар білім алуға құқықтар да барлығында бірдей, сондықтан сіздің балаңызды балабақшаға немесе мектепке егулерсіз жібермей қоя алмайды! Дегенмен, манту егуге жатқызылмайды, бұл диагностикалау, мұны шатастырмауыңызды сұраймын.
Егер сізге бұның негізінде бас тартса – жазбаша бас тартуды талап етіңіз. Егер қаламаса – баланы қабылдаудан және жазбаша бас тартуды беруден бас тарту туралы актісін 2 куәгердің көзінше құрастырыңыз. Ары қарай шағымды прокуратура, білім беру басқармасына жіберіңіз, сотқа барыңыз!
Бірақ сіз прокуратураға шағымдайтыңызды алдын-ала ескертсеңіз — сіздің балаңызды қабылдайды деп ойлаймын.
Бірақ, еске сақтаңыз, эпидемиялар кезінде егілмеген бала балабақша немесе мектепке аурушандық бітпегенше бара алмайды.
Сонымен қатар егуден бас тарту үшін әрбір егу үшін 25 мың теңге мөлшерінде айыппұлды енгізу қарастырылады.