Меню

Баладан ерікті түрде бас тарту

Версия статьи на русском языке

Балалар туралы тақырыпты бұрын бастасам да, біраз қол үзіп қалдық. Бүгін осы тақырыпты қайта қозғағым келіп отыр.

Сіздердің ❤ бастайық

Маған көбінесе әкелердің алимент төлемеу үшін баласынан бас тартқысы келетінін немесе біреудің асырап алғанын қалайтынын айтып, жиі арызданады. Көбінесе әкелер туралы айтады. Бірақ бұл ережелер ата-аналардың кез келгеніне қатысты.

Әкесі өз құқықтарынан және кей жағдайларда бала алдындағы өз міндеттерінен құтыла алады. Бірақ оған келесідей негіздер болуы керек:

  • құқығынан айыру
  • баланы басқа біреудің асырап алуы
  • өзінің әкелігін дауға салу

Осылайша әкесі ерікті түрде баладан бас тару жазып, өз құқықтары мен міндеттерінен құтыла алмайды. Заңда мұндай қарастырылмаған! Тек ата-ананың екеуінің немесе жалғыз қалған біреуінің бас тартуы ғана бар. Бұл кезде бала ата-ана қамқорлығынсыз қалған болып есептеледі.

Ата-ана құқығынан айыру туралы мен пост жазған болатынмын (лентадан қараңыздар).

Бала асырап алу. Егер баланы басқа адам асырап алғысы келсе және әкесі оған қарсы болмаса сот үшін оның келісімін алу қажет. Мұндай келісімді нотариус арқылы рәсімдеу керек. Ол сотқа көрсету және ата-ананың сотта мәлімдеуі үшін қажет.

Сотқа осындай келісімді алғаннан кейін бірден барған дұрыс. Бірақ әкесі тағы айнып қалып, сотта баласын беруге қарсы екенін, келісімін қайтарып алғысы келетінін айтуы мүмкін.

Сізге нотариустар баладан бас тарту туралы осындай келісім рәсімдейді десе де, бұл құжаттың ешқандай күші жоқ. Қандай жағдайда да әкесі құқықтарынан да, міндеттерінен де айырылмайды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *