Версия статьи на русском языке
Жазғы демалыс маусымына қатысты осы туралы көп сұрақтар туындайды.
Егер Сіз балаңызбен шетелге демалуға, яғни уақытша барайын деп жатсаңыз — екінші ата-анадан рұқсат талап етілмейді!
Бұл үшін әзірше жеке паспорт дайындау талап етілмейді, баланың мағлұматтарын өзіңіздің паспортыңызға желімдеп жабыстыруға болады. Иә, бұл заң әлі де қолданыста, түсініктемелерде менімен дауласуға қажеті жоқ, егер сенбесеңіз – заңды оқыңыз. Бірақ, бара жатқан мемлекет екінші ата-ананың рұқсатын және балаға жеке паспортын талап ете ме, жоқ па екенін нақты білуіңіз керек! Турагенттікте немесе елшілікте нақтылаңыз.
⠀
Екінші ата-ананың рұқсаты тұрақты тұратын мекенге шығу кезінде міндетті түрде қажет. Егер ата-ана мұндай рұқсат бермесе – бұны сот арқылы алуға болады.
Егер баланың жасы 6 мен 16 жас аралығында болса Сіз оны ұшақпен жалғыз, сіздің еріп жүруіңізсіз жібере аласыз, бұндай жағдайда жазбаша өтініш рәсімдеу керек. Бұны түңгі сағат 23 бастап, таңғы сағат 6 дейін жасауға болмайды. Әрине, ұшып келген соң оны өтініште көрсеткен адам күтіп алуы керек.
Поезбен Сіз 15 жасқа толмаған баланы жалғыз, еріп жүрусіз жібере алмайсыз!
Егер Сіз баланы туысқанымен жіберетін болсаңыз, Сізден нотариалды расталған сенімхат — міндетті түрде керек!