Версия статьи на русском языке
Бұл постты жазуға себеп көптеген инстаграм жазылушыларымның осы мәселе жайлы сұрауы болды. Бүгін осы пост арқылы барлығына бірден жауап бермекшімін. Банктер және коллекторлар кредитке берешек болғандардың жәрдемақысынан, алиментінен және т. б. ақша шешіп алуға құқылы ма?
Біріншіден, кредит алған кезде есіңізде болсын, банктер шотыңыздан немесе мүлкіңізді тәркілеу арқылы кредиттік қарызыңызды өндіріп алуы мүмкін. Олар сізде бар кез келген шоттардан ақша шешіп ала алады.
Алайда, банктер келесідей шоттардан ақша шешіп алуға құқысыз:
Сіздің осы төлемдеріңізден қарызды ұстап қалмауы үшін олар АРНАЙЫ шоттарға, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдерге арналған ағымдағы шотқа түсуі тиіс. Банктен шот ашқанда – өтінімде сіз жәрдемақы, алимент және т. б. алу үшін шот ашып жатқаныңызды көрсетуіңіз керек.
Банктер кез келген шоттардан (көрсетілген арнайы шоттардан басқа) онда бар немесе соған түсетін ақшаның 50%-нан аспайтын ақшаны ала алады.