Меню

Дәрі-дәрмектерді сатып алудың жаңа ережелері

Русская версия статьи

Алдында уәде бергемдей — дәрі-дәрмектерді сатып алудың жаңа ережелері туралы жариялым.

Сіздің ❤️ — маған деген Сіздің алғысыңыз.

2019 жылдың 25 сәуірінен дәріханалар үшін дәрі-дәрмектерді жіберу ережелеріне өзгерістер енгізді. Енді дәріханалар рецепттерді 3 жыл сақтау керек.

Бұл біз, сатып алушылар үшін, нені білдіреді?

Дәрі-дәрмекті сатып алмас бұрын –  біз дәрігерден рецепт алып, бұны дәріханашыға беруіміз керек.

Рецепт арнайы форма бойынша жазылуы тиіс. Бұл кейбір дәрі-дәрмектерге арналған рецепттерден басқа, 3 айға жарамды. Рецепт дәрігердің қолымен және жеке мөрімен расталуы тиіс. Рецептте түзетпелер болмау керек.

Әрине, рецепт бойынша тек бұны талап етілетін дәрі-дәрмектер ғана жіберіледі. Барлық дәрі-дәрмектер арнайы мемлекеттік реестрге енгізіледі. Мемекеттік реестр бойыша тізім, Сіз іздемес үшін – мен www.yurblog.kz сайтының, «Құжаттар» тарауына жүктеп қойдым. Бұл тізімде «Рецепт» деген бағана бар және рецепттің қажеті бар ма, жоқ па екені көрсетіледі.

Жаңа ережелер сіз бен біздердің тіпті қарапайым тұмаудан бүкіл емделу үрдісін  күрделендіреді және қымбаттатады. Ал егер қандай да бір дәрі-дәрмектерді тұрақты түрде қабылдау қажет етілсе – бір дәрі-дәрмекті алу үшін дәрігерлерге  әрбір 3 ай сайын барып, ақша төлеуге тура келеді.

Әрине, барлық дамыған мемлекеттерде дәрі-дәрмектер рецепт бойынша ғана қатаң түрде жіберіледі, бірақ олар үшін дәрігерге қаралу және бұл үшін ақша төлеу мәселе емес. Ал біздің поликлиникаларымыз ше адамдарға лық толы, ақылы клиникаларға әр адам бара алмайды. Әдеттегідей – ережелерді енгізді, ал жағдайлар жасамады.

Қалай ойлайсыз — бұл өзгерістер дұрыспа?


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *