Версия статьи на русском языке
Менім есімде директке осындай сұрақ келген: мектеп белгілі бір өндірушіден форманы сатып алуға міндеттейді, бұл заңды ма?
Постты мүмкіндігінше көп ата-ана көруі үшін лайкты ұмытпаңыз.
Мектеп формасына қойылатын Қазақстан Республикасының Білім министрлігі белгілейтін белгілі бір талаптар бар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы). Оқушылар осы талаптарды орындауға міндетті (15-1 тарап 47 бап ҚР Білім туралы заң).
Бірақ бұл талаптар форманың осындай сипаттамаларын ғана белгілейді: пішіннің түсі мен реңі, стилі (күнделікті, мерекелік және спорттық), форма қандай болуы керек (юбка, шалбар және т.б.).
Мектеп осы талаптарды орындау аясында мектеп формасының түсін, стилін және юбка ұзындығын таңдайды және мұның барлығын жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасымен растайды (Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар 19 тарабы). Ата-аналар балаларының осы форманы киюіне кепілдік беруі керек (Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар 21 тарабы).
Қалалық білім басқармалары ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын шығаратын өндірушілерден сатып алуды ҰСЫНАДЫ (Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар 24 тарабы).
Мектеп тіпті мұндай — ұсынатын құқығыда жоқ, ата-аналарды белгілі бір өндірушіден форманы сатып алуға міндеттеу туралы айтпағанда — бұл ЗАҢСЫЗ! Ата-аналардан тек мектеп формасына (түсі, стилі және т.б.) сәйкес болуын талап етіледі. Бұл туралы Білім Министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінен келген хаты бар — осы www.yurblog.kz сайтынан таба аласыз. Егер мектеп мұны сізден талап етсе — білім басқармаларына, прокуратураға шағымданыңыз. Сіз әдеттегідей сайттағы сілтемелері бар мақаланы таба аласыз.