Версия статьи на русском языке
Жақын арада балаларды мектепке қабылдау кезеңі басталады.
❤️ аямаңыздар
Мектеп, гимназиялар, лицейлерге қабылдау 1 маусым мен 30 тамыз арасында өтеді.
Баланы қабылдау жылы 6 жасқа толған немесе 6 жасқа толатын кезде мектепке беруге болады.
Баланы мектепке беру үшін келесі құжаттар керек:
Қарапайым мектепке бірінші сыныпқа қабылдаған кезде – емтихандар мен конкурстар жүргізілмейді, тек арнайы мектептерге.
Алматы қаласында қабылдауға өтінішті bilimalmaty.kz порталы арқылы тіркеуге болады. Ары қарай құжаттарды мектепке тапсыру керек.
Порталда Сіз мектепті өзіңіздің тұрып жатқан мекенжайыңызға байланысты немесе қалауыңызша басқа мектепті таңдауыңызға болады. Егер Сіз бір ауданда тұрып, басқа аудандағы мектепке барғыңыз келсе – екі өрісті де толтыруыңыз керек. Бұл порталда Сіз мектептер бойынша бос орындар санын қарай аласыз, тегін тамақтануға өтініш қалдыра аласыз (жеңілдік берілген адамдар үшін).
Сіз мектепті қалауыңызды ескеріп, баланың қабілеті мен жеке икемділігі бойынша таңдауға құқылысыз.
Оқуға қабылдамаған жағдайда Сіз тұрып жатқан мекенжайыңыз бойынша білім беру басқармасына жүгіне аласыз.
Көпшіліктеріңе мектептегі жеңілдікпен тамақтану туралы қызықты болуы мүмкін екенін білемін – сондықтан келесі посттардың бірінде жазамын.