Мектептегі тегін тамақтандыру аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қарастырылған, және басқа балаларға мектептін шешімімен.
Тегін тамақтандыруды алу үшін келесі құжаттарды өткізу керек:
белгіленген формадағы өтінім (www.yurblog.kz сайтынан қараңыз)
сіздің жеке куәлігіңіз
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
неке туралы куәліктің көшірмесі
АӘК алатыны туралы анықтама (егер отбасы АӘК алатын болса)
егер отбасы АӘК алмаса, бірақ отбасының әр мүшесінің кірісі 20 мың теңгеден аз болса еңбекақы және отбасының басқа кірістері туралы анықтама (алименттер, ЖК және т.б.).
қамқорлық туралы шешім (жетімдер мен ата-анасыз қалған балалар үшін)
төтенше жағдайлар (өрт, су тасқыны және т.б.) нәтижесіндегі жедел көмек туралы құжат.
мектептін тегін тамақтану беру туралы шешімі (отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайының негізінде берілуі мүмкін).
Құжаттарды мектепке немесе ЕГОВ арқылы өткізуге болады (ЭСҚ және аталған барлық құжаттардың электронды нұсқасы болуы керек). 5 күн ішінде жауап беруі тиіс.
Жеңілдікпен тамақтандыру беруден келесі себептерге байланысты бас тартылуы мүмкін:
мәліметтер мен құжаттар бұрыс болса
сіздің жағдайыңыз бұл жеңілдікке сай келмесе
Егер сіз шешімге келіспесеңіз Әкімдікке немесе Бірыңғай байланыс орталығына 1414, 8 800 080 7777 (егер ЕГОВ арқылы берсеңіз) шағым түсіре аласыз.
Егер өтініштің формасы керек болса — осы постқа комментарий қалдырсаңыз — www.yurblog.kz сайтқа салып қоямын.