Меню

Несие бойынша карыздарын есептен шыгару

Версия статьи на русском языке

Көптеген адамдар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қарыздарын есептен шығару жөнінде жаңалықтар беру туралы өтініш білдірді.

26 маусымда Президент осындай жарлыққа қол қойды және осы күннен бастап бұл жарлық әрекет етеді.

Сонымен, осы жарлық бойынша не және қалай есептен шығарылады деген сұраққа жауап берік көрейік:

ҚАНДАЙ НЕСИЕ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРЫЛАДЫ:

Кепілсіз тұтынушылық несие. Бұл – ешбір кепілдіксіз, жай ғана табыс туралы анықтама негізінде банктерден немесе микроқаржылық ұйымдардан кейбір қажеттіліктерге (жөндеуге және т.б.) алынған несие.

Қазіргі кезде онлайн-кредиттер беретін компаниялар көп, бірақ олардың барлығы да микроқаржы ұйымдарына жатпайтынын ескеріңіз. Міне, сондықтан олардан алынған несиелерді мемлекет өтей алмайды. Микроқаржы ұйымдарының тізімі ҚР Ұлттық Банкінің тізілімінде көрсетілген.

Осы несие бойынша қарызыңыздың жалпы сомасы 3 млн теңгеден аспауы тиіс.

КІМДЕР ҮШІН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРЫЛАДЫ:

  • көп балалы отбасыларға (4 баладан көп)
  • мүгедек балалары бар отбасыларға
  • асыраушысынан айырылған отбасыларға,
  • АӘК алатын аз қамтылған отбасыларға
  • жетім балаларға
  • бала жасынан мүгедектерге (18 жастан үлкен)

ҚАНША СОМА ЕСЕПТЕН ШЫҒАРЫЛАДЫ?

Мемлекет қарызыңыздың 300 000 теңгеден артығын өтемейді. Бұл сомаға айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша қарыз да кіруі тиіс.

ҚАЙДА ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ:

Несие алған жеріңізге)

ТАҒЫ НЕ БОЛАДЫ:

90 күннен артық кешіктірілген кредиттер үшін-айыппұлдар мен өсімақылар есептелмейді және қарыз да тиісінше өспейді.

Отбасындағы адам санына шаққанда табысы айына 29 698 теңгеден аз жандарға несие берілмейді.

Осы Жарлық бойынша тағы да басқа заңнамалық актілерге өзгерістер енгізетін болады, сонда барлық осы тармақтар нақтыланатын болады.


7 комментариев для “Несие бойынша карыздарын есептен шыгару”

  1. Комиссияны калай алып тастауга болады? Банктин сыйакысы коп, соны алып тастауга болама?

  2. Сағыныш:

    Менің анам бес баласы бар, бірақ төртеуіміз кәмелеттік жастан асып кеткен біреуі оқушы. Үш кредиті бар каспий банктегі кредитін жауып береме?

  3. Саламатсызба! Менин карызымды билгим келеди?

  4. Умит:

    Салеметсизбе? Бул занга ендиме? Кашан занга енеди?

    1. admin:

      енди. Бирак 1-2 айда гана жумыстар битеди.

  5. Гулжанат:

    турбомоней микрокредит бул кай микрокредит турине жатады. Толей алмай отырган карызды отеп берема? Бастапкы негизги суммасын толеу ге болама? Осы суракка жауап беринизши

    1. admin:

      Турбомоней деген микрокредитная организацияга жатпаса — карызынызды жаппайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *