Версия статьи на русском языке
Балаңыз алты жасқа толса, бірақ әлі мектепке бергіңіз келмесе не істеу керек?
Заң бойынша балаларды балабақшада 1 жастан 6 жасқа дейін ұстауға болады. Яғни, бала 6 жасқа толғаннан кейін балабақшада қала алмайды.
5 жастан бастап мектепалды дайындық (немесе 0 сынып) басталады. Ол келесі мекемелерде ұйымдастырылады:
Сонымен не істеуге болады? Жолдары:
Балабақшаға бармаған немесе мектепалды дайындықтан өтпеген баланы қыркүйекке дейін дайындық курстарына беруге болады.
Егер 0 сыныбы бар мектеп тапқан болсаңыз, балаңызды қабылдауы үшін ол мектептің учаскесінде болу міндетті емес. Яғни, бұл қабылдаудан бас тартуға негіз бола алмайды.
Егер сізге осы себептен бас тартса жазбаша түрде жүгініп, жазбаша түрде бас тарту қағазын сұраңыз. Әрі қарай осы бас тарту қағазын алып, білім басқармасына, прокуратураға шағымдана аласыз.