Версия статьи на русском языке
Осы жазбаны ПИК тақырыбына арнағым келіп отыр. Себебі маған үнемі ПИК не істеу керек, т.б. сұрақтар жиі қойылады.
Сонымен, ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) дегеніміз не? ПИК бұл– өздеріңіз, яғни пәтер иелері құратын ұйым.
ПИК ортақ мүлікке қызмет көрсету үшін құрылады:
Аталған мүліктерге қызмет көрсету ПӘТЕР ИЕЛЕРІНІҢ ҚАЛТАСЫНАН, яғни өзіңіздің ақшаңыздан төленеді!
ПИК тек қана ақшаны жинап, оны қайда жұмсау қажеттігін шешеді. Ай сайын не үшін және қанша ақша төлеу керектігі ПИК ұйымдастырған жиналыста кеңінен талқыланып шешіледі. Ортақ мүлікке қажет сомма оның жағдайына байланысты ақылдасып шешіледі.
ПИК сіздің ақшаңызға не істеуге міндетті?
Ал, ПИК-тің міндеті – пәтер иелерінің қаражатына жасалған ортақ мүлікті ұқыпты ұстау, қауіпсіз қолдануды қамтамасыз ету.
Барлық атқарылған істер бойынша ПИК үш ай сайын есеп беруге міндетті.
Егер сіздің ПИК өз міндетін атқармаса немесе жұмысы көңіліңізден шықпаса, онда сіз:
Жалпы алғанда ПИК-пен арадағы қарым-қатынасқа қатысты заң – сіздің қолыңызда
Ал, сіз Өзіңіздің пәтер иелерін кооперативінің міндеттерін білдіңіз бе?