Версия статьи на русском языке
Оқушылар мен ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін біз бірнеше рет талқыладық. Енді бұл жазбаны педагогтарға арнағым келеді. Лайк қоя кетіңіз.
Сәйкес салалар бойынша арнайы педагогтық немесе кәсіби білімі бар мамандар (ҚР «Білім туралы» заңының 51-бабы, 1-тармағы)педагог болып табылады. Жоғары оқу орындарының, колледждердің және т.б. ұстаздары, тәрбиешілері мен оқытушылары педагогқа жатады.
Педагог:
Педагог қызметкерлеріне білім беру процесін саяси үгіт-насихат, діни насихат мақсатында пайдалануға немесе оқушыларды Қазақстан Республикасының заңына қайшы іс-әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануға тыйым салынады (ҚР «Білім туралы» заңының 51-бабының 5-тармағы).
Педагог қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңында қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайларда олардың кәсіби міндеттерін орындауына қатысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді (ҚР «Білім туралы» заңының 51-бабының 4-тармағы).
Педагогтарға баспана бойынша бірқатар әлеуметтік кепілдіктер, ауылда жұмыс істейтіндерге қосымша көмек бар.
Киім формасына қатысты: ұстаздарға нақты бір форма кию туралы талап жоқ. Педагог этикасының ережелеріне сәйкес ұстаздар өздерінің қызметтік міндеттерін атқарған кезде іскерлік үлгідегі киімдер киюі тиіс.
Қазір «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң әзірленуде. Онымен «Ашық НҚА» сайтында танысуға болады.
Сынып оқушылары сойқан болса да, айлықтары аз болса да менің ұстаздарым өз жұмыстарын жанкештілікпен істеді. Мен оларға күні бүгінге дейін алғыс айтамын. Қиын да жауапты, мехнаты көп бұл мамандықты сыйлаймын. Сіздер де жақсы ұстаздар мен тәрбиешілерді бағалап, балаларды үйде дұрыс тәрбиелеу арқылы оларға көмектесіңіздер.
Ал, сіздердің ұстаздарыңыз қандай болды? Балаларыңыздың ұстаздары қандай?