Версия статьи на русском языке
Уәде еткенімдей тұрғын үй сертификаты туралы пост. ❤️ сізден!
2019 жылдың 20 маусымында Тұрғын үй сертификаттарын беру ережесі бекітілді.
Тұрғын үй сертификаты – «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламалары бойынша берілетін ипотеканың алғашқы жарнасын жабу үшін берілетін ақшалай көмек.
Тұрғын үй сертификатын әкімдіктер береді. Мәслихаттар осы сертификат берілетін адамдардың тізімін жасайды. Бұл тізім қамтиды:
Әлеуметтік әлсіз санаттар:
Бұл отбасылардың соңғы 6 (алты) айдағы орташа кірісі отбасының әр мүшесіне айына 42 500 теңгеден аспауы (мемлекеттік жәрдемақыны қоспағанда) тиіс. Егер бұл шамадан асып кетсе сізге тұрғын үй сертификаты кредит ретінде беріледі. Егер аспаса сертификат бойынша берілген соманы қайтару қажет емес, ол сізге көмек ретінде беріледі.
Нақты қандай санаттардың енгізілгенін білу үшін өзіңіз тұратын облыс, қала, ауданның тізімін қараңыз. Тізім сіздің Әкімдігіңіздің сайтында жариялануы тиіс.
Тұрғын үй сертификаты әр адамға 1 млн теңгеге дейін беріледі. Әкімдік сертификаттар беруге ақша бөледі және сомалар бөлінген бюджетке байланысты болады.
Өтініш 3 күнде қаралады. Егер сіздікін мақұлдаса сізге сертификат беру туралы келісім немесе кредиттік келісімшарт (егер сіздің кірісіңіз шамадан асса) жасайды.
Әрі қарай сертификат сомасы сіздің банктік шотыңызға түседі. Ол жерден банк оны ипотеканың алғашқы жарнасына ұстайды. Банкпен ипотекалық келісімшарт жасағаннан кейін сіз ипотекалық келісімшарттың көшірмесін Әкімдікке тапсыруыңыз керек.
Саламатсызба, отинем жауап беринизши. Мен же 2 балам бар(не полный семья) казирги уакытта жумыс издеп журмин. Уакытша пропискамен тургын уйге тапсыруга болама?
Жок, постоянная прописка керек.