Версия статьи на русском языке
Хоумскулинг – біздікінше үйде оқыту. Көптеген ата-аналар балаларын әртүрлі себептермен үйде оқытқысы келетіндігі белгілі болды. Бұл Қазақстанда мүмкін бе?
Біздің заңда экстернат деген ұғымы бар — білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі, яғни үйде оқыту.
Оқытудың бұл түрі келесі мектеп оқушысыларға арналған:
Болды! Тек осы балаларға үйде оқуға заңда рұқсат бар.
Экстернат нысанында білім алу бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жүзеге асырылады (Экстернат нысанында оқыту қағидалары 8 тармағы).
Осы нысанда оқу үшін әкімдіктен рұқсат алу қажет («Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 21-3-тармақтары). Ол үшін ХҚКО-ға немесе EGOV арқылы келесі құжаттарды жіберу керек:
Өтініш белгілі бір уақыт аралығында берілуі керек (Экстернат нысанында оқыту қағидалары 9 тармағы):
Өтінішті қарау мерзімі — 15 жұмыс күні. Егер сіз шешіммен келіспесеңіз, сотқа шағымдана аласыз.
Қазір Қазақстан заңнамасында кез келгендерге үйде оқуға құқығы жоқ.
Егер қашықтықтан оқыту туралы айтатын болсақ, оны ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар ғана ала алады (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 27-бабы). Егер біз ата-аналардың міндеттерін қарастыратын болсақ, онда ата-аналар балаларының оқу мекемесінде сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге (4-тармақ, 1-тармақ) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 49-б.) және мектеп ережелерін сақтауға міндетті.
Міндеттемелерді бұзғаны үшін оларға ішкі тәртіп ережелерімен және білім беру ұйымының жарғысымен қарастырылған тәртіптік ықпал ету шаралары немесе білім беру қызметтерін ұсыну туралы шартта қарастырылған өзге де шаралар қолданылуы мүмкін (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабы 18-тармағы).