Версия статьи на русском языке
АӘК тағайындау және төлеудің жаңа ережелерінің шықты. Лайкты ұмытпаңыз.
Сонымен, АӘК-те келесі өзгерістер болды:
1. Отбасына ерлі-зайыптылар ғана емес, бірге тұратындар да кіреді.
2. Егер жұмысқа қабілетті отбасы мүшесі жұмыс жасаудан бас тартса, АӘК бүкіл отбасына төлем жасауды тоқтатады. Бұл жағдайда отбасы АӘК ға 6 айдан кейін қайтадан өтініш бере алады.
3. АӘК мөлшері табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма ретінде есептеледі.
4. АӘК тағайындаумен бірге балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет дереу тағайындалады. Яғни, әлеуметтік пакетке бөлек құжаттарды тапсырудың қажеті жоқ.
5. АӘК 3 айға тағайындалады, ай сайын немесе тоқсан сайын бір рет төленеді.
6. Басқа жерде жұмыс істейтін отбасы мүшелерімен және күндізгі бөлімде оқитын студенттермен бірге тұрудың енді қажет емес.
7. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасалған әлеуметтік келісімшарт мерзімі аяқталады, атаулы әлеуметтік көмек жаңа механизмге сәйкес тағайындалады және төленеді.
Жобада болған және бұрын жазған қалған бөліктері ЕНГІЗІЛГЕН ЖОҚ.
АӘК-ға қатысты қандай сұрақтар бар – комментарияларда сұраңыз — жауаптарды сториске саламын.