Меню

Жаппай оқу қорыннан мектепке көмек

Версия статьи на русском языке

Жақында оқу жылы басталады. Сондықтан мектепке көмек туралы пост салайын дедім.

Бізде Жаппай оқу қоры бар. Одан осы көмекке қаражат бөлінеді. Ақша әр мектепке бөлінеді. Сондықтан олар осы ақшаны бөлумен айналысады.

Бұл көмек келесі санаттағы балаларға беріледі (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа кірісі күнкөріс минимумынан төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан мемлекеттік білім беру мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға, отбасыларда өмір сүретін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдай нәтижесінде жедел көмекті талап ететін отбасылардың балаларына және оқушылар мен тәрбиеленушілердің басқа санаттарына қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау және есепке алу бағыты ережелерінің 1-тармағы):

  • АӘК алатын отбасылардың балалары;
  • жан басына шаққандағы кірісі отбасының бір мүшесіне күнкөріс минимумынан төмен отбасылардың балаларына (жыл басынан бастап жүгінген айға дейінгі кірісті отбасы мүшелеріне: ата-ана мен 18 жасқа дейінгі балаларға бөлу керек);
  • жетім балаларға және отбасыларда тұратын ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға;
  • төтенше жағдайдан кейінгі отбасылардың балаларына;
  • комиссия шешімі бойынша басқа балаларға.

Көмекті келесілерге алуға болады (Ережелердің 3-тармағы)

  • киім, аяқ киім, оқулықтар, оқу құралдарын, мектепке қажетті жазу құралдарын алуға;
  • мектептегі тамақтануға;
  • қаржылық көмек көрсетуге;
  • санатория-курорттық ұйымдар мен демалыс лагерлеріне жолдама алуға;
  • мәдени-бұқаралық және спорттық шараларға қатысуға.

Бұл көмекті алу үшін мектеп директорының атына өтініш жазып, келесі құжаттарды қоса беру керек (Ережелердің 4-тармағы):

  1. АӘК алатыныңыз туралы анықтама;
  2. Егер АӘК алмайтын болсаңыз кірістер туралы мәлімет (жалақы, ЖК түсетін кіріс, алименттер);
  3. Қамқоршылық (қорғаншылық) туралы шешім, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін патронаттық тәрбие туралы шешім;
  4. Отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру туралы акт (тж үшін және басқа санаттағы балалар үшін).

Өтінішті www.yurblog.kz сайтынан табасыздар. Өтініш 10 күшн қаралады, содан кейін жауап беруі тиіс.

Келесі постта бұл бағдарлама бойынша нақты қандай көмек нормалары бар екенін жазамын.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *